HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
Қосымша басып шығару тапсырмалары (Mac OS X)
Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Mac OS X)
ЕСКЕРТПЕ: Баспа тапсырмасының өңделу реті жақындамаса, одан бас тарту опциясы болмауы мүмкін.
1. Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасында мына іс рәсімді
орындау арқылы тоқтатыңыз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Тоқтату түймесін басыңыз.
ә. Өнім жоюды құптауды сұрайды. OK түймешігін басыңыз.
2. Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару тапсырмаларының
кезегінен де тоқтатуға болады.
●
Software program: (Бағдарлама:) Әдетте компьютер экранында қысқа уақыт ішінде диалог
терезесі көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.
●
Mac жүйесіндегі баспа реті: Панельдегі өнім белгішесін екі рет басу арқылы баспа
тапсырмаларының кезегін ашыңыз. Баспа тапсырмасын таңдаңыз, содан кейін Delete (Жою)
түймесін басыңыз.
Қағаз өлшемін таңдау (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Көшірмелер және беттер мәзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен бір өлшемді таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Өзгертілмелі қағаз өлшемін таңдау (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Көшірмелер және беттер мәзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен Өзгертпелі өлшемдерді басқару опциясын таңдаңыз.
5. Қағаз өлшемінің параметрлерін белгілеп, OK түймешігін басыңыз.
6. Қағаз параметрлерін теңшеу диалог терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
7. Басып шығару түймесін басыңыз.
Су таңбаларды басып шығару (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
92 5-тарау Басып шығару KKWW