HP LaserJet Enterprise 700 M712 - User's Guide
Қосымша басып шығару тапсырмалары (Windows)
Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Windows)
ЕСКЕРТПЕ: Баспа тапсырмасының өңделу реті жақындамаса, одан бас тарту опциясы болмауы мүмкін.
1. Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасында мына іс рәсімді
орындау арқылы тоқтатыңыз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Тоқтату түймесін басыңыз.
ә. Өнім жоюды құптауды сұрайды. OK түймешігін басыңыз.
2. Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару тапсырмаларының
кезегінен де тоқтатуға болады.
●
Software program: (Бағдарлама:) Әдетте компьютер экранында баспа тапсырмасынан бас
тартуға мүмкіндік беретін тілқатысу терезесі қысқа уақытқа көрсетіледі.
●
Windows баспа кезегі: Егер баспа тапсырмасы кезекте тұрған болса (компьютер жадында)
немесе баспа спулерінде болса, тапсырманы сонда жойыңыз.
●
Windows XP, Server 2003 немесе Server 2008: Start (Бастау), Settings (Параметрлер)
түймешіктерін басыңыз және содан кейін Printers and Faxes (Принтерлер мен факстар)
түймешігін басыңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын
баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз, содан кейін Отменить (Бас тарту)
тармағын таңдаңыз.
●
Windows Vista: Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Windows белгішесін басып,
Settings (Параметрлер) пәрменін, содан кейін Printers (Принтерлер) пәрменін таңдаңыз.
Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын баспа тапсырмасын
тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз, содан кейін Отменить (Бас тарту) тармағын
таңдаңыз.
●
Windows 7: Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Windows белгішесін басыңыз, содан
кейін Devices and Printers (Құрылғылар мен принтерлер) тармағын таңдаңыз. Терезені ашу
үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ
түймесімен басыңыз, содан кейін Отменить (Бас тарту) тармағын таңдаңыз.
Қағаз өлшемін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймесін басыңыз.
3. Қағаз/сапа қойындысын басыңыз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен өлшемін таңдаңыз.
5. Жарайды түймесін басыңыз.
6. Тапсырманы басып шығару үшін Басып шығару тілқатысу терезесіндегі Жарайды түймешігін
басыңыз.
90 5-тарау Басып шығару KKWW