HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Өзгертілмелі қағаз өлшемін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймесін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Өзгертпелі түймесін басыңыз.
5. Арнаулы өлшемнің атын теріп, өлшемдерді көрсетіңіз.
Ені — қағаздың қысқа шеті.
Ұзындығы — қағаздың ұзын шеті.
6. Сақтау түймесін, одан кейін Жабу түймесін басыңыз.
7. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін Жарайды түймешігін басыңыз. Тапсырманы басып
шығару үшін Басып шығару тілқатысу терезесіндегі Жарайды түймешігін басыңыз.
Су таңбаларды басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Әсерлер жиекбелгісін басыңыз.
4. Су таңбалары ашылмалы тізімінен субелгіні таңдаңыз.
немесе тізімге су таңба қосу үшін, Өңдеу түймешігін басыңыз. Су таңбасының параметрлерін орнатып,
одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.
5. Су таңбаны бірінші бетке ғана басып шығару үшін, Тек бірінші бет параметрі жанына құсбелгі
қойыңыз. Әйтпесе, сутаңба әр бетке басылып шығады.
6. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін Жарайды түймешігін басыңыз. Тапсырманы басып
шығару үшін Басып шығару тілқатысу терезесіндегі Жарайды түймешігін басыңыз.
80 5-тарау Басып шығару KKWW