HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Қосымша басып шығару тапсырмалары (Windows)
Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Windows)
ЕСКЕРТПЕ: Баспа тапсырмасының өңделу реті жақындамаса, одан бас тарту опциясы болмауы мүмкін.
1. Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасында мына іс рәсімді
орындау арқылы тоқтатыңыз:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Тоқтату түймешігін басыңыз. Өнім тапсырманы
кідіртеді, сөйтіп Fax Job Status (Факс тапсырмасының күйі) экраны ашылады.
ә. Сенсорлы экрандағы тізімде бас тартылатын баспа тапсырмасын басыңыз, содан кейін
Тапсырмадан бас тарту түймешігін басыңыз.
б. Принтер бас тартуды растау ұсынысын береді. Иә түймешігін басыңыз.
2. Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару тапсырмаларының
кезегінен де тоқтатуға болады.
Software program: (Бағдарлама:) Әдетте компьютер экранында қысқа уақыт ішінде диалог
терезесі көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.
Windows баспа кезегі: Егер баспа тапсырмасы кезекте тұрған болса (компьютер жадында)
немесе баспа спулерінде болса, тапсырманы сонда жойыңыз.
Windows XP, Server 2003 немесе Server 2008: Пуск (Бастау), Настройки (Параметрлер)
түймешіктерін басыңыз және содан кейін Принтеры и факсы (Принтерлер мен факстар)
түймешігін басыңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын
баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз, содан кейін Отменитьас тарту)
тармағын таңдаңыз.
Windows Vista: Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Windows белгішесін басып,
Настройки (Параметрлер) пәрменін, содан кейін Принтеры (Принтерлер) пәрменін
таңдаңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын баспа
тапсырмасын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз, содан кейін Отменитьас тарту)
тармағын таңдаңыз.
Windows 7: Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Windows белгішесін басыңыз, содан
кейін Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) тармағын таңдаңыз. Терезені
ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын баспа тапсырмасын тінтуірдің оң
жақ түймесімен басыңыз, содан кейін Отменить (Бас тарту) тармағын таңдаңыз.
Қағаз өлшемін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймесін басыңыз.
3. Қағаз/сапа қойындысын басыңыз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен өлшемін таңдаңыз.
5. Жарайды түймесін басыңыз.
6. Тапсырманы басып шығару үшін Басып шығару тілқатысу терезесіндегі Жарайды түймешігін
басыңыз.
KKWW Қосымша басып шығару тапсырмалары (Windows) 79