HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
ЕСКЕРТПЕ: Бос мұқаба бетті басып шығару үшін Мұқаба түрі мәзірінен стандартты опциясын
таңдаңыз.
6. Басып шығару түймесін басыңыз.
Бет өлшемін лайықтау үшін құжатты масштабтау (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің ашылмалы тізімін
ашыңыз да, Қағазды Қолдану мәзірін басыңыз.
4. Жіберілетін қағаздың өлшемі аймағында Қағаз өлшеміне сәйкестендіру үшін масштабтау жолағын
басып, ашылмалы тізімнен өлшемді таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Кітапша жасау (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Орналасуы мәзірін басыңыз.
4. Two-Sided («Екі жақты») ашылмалы тізімінен байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Мәзірлердің ашылмалы тізімін ашыңыз да, Кітапшаны басып шығару мәзірін басыңыз.
6. Басып шығарылатынды кітапша ретінде пішімдеу жолын, содан кейін байланыстыру опциясын
таңдаңыз.
7. Қағаз өлшемін таңдаңыз.
8. Басып шығару түймесін басыңыз.
78 5-тарау Басып шығару KKWW