HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X)
Алдын ала орнатылған басып шығару параметрлерін пайдалану (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Алдын ала белгіленген параметрлер мәзірінен басып шығарудың алдын ала белгіленген параметрін
таңдаңыз.
4. Басып шығару түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер драйверінің әдепкі параметрлерін пайдалану үшін стандартты опциясын таңдаңыз.
Алдын ала орнатылған басып шығару параметрін жасау (Mac OS X)
Қайта пайдалану мақсатымен ағымдағы басып шығару параметрлерін сақтау үшін басып шығарудың
алдын ала орнатылған мәндерін пайдаланыңыз.
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, басып шығару параметрлерін өзгерту керек мәзірді ашыңыз.
4. Әр мәзір үшін қайта пайдалану үшін сақтау қажет басып шығару параметрлерін таңдаңыз.
5. Алдын ала белгіленген параметрлер мәзірінен ...түрінде сақтау опциясын таңдап, алдын ала орнату
атауын енгізіңіз.
6. OKтүймесін басыңыз.
Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер және беттер мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Орналасуы мәзірін басыңыз.
4. Two-Sided («Екі жақты») ашылмалы тізімінен байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз.
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Mac OS X)
1. Файл мәзірін басыңыз да, Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінде өнімді таңдаңыз.
76 5-тарау Басып шығару KKWW