HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
HP UPD әрбір НР өнімімен тікелей байланыстырады, конфигурация ақпаратын жинайды және содан кейін
өнімнің ерекшелігін, қолдағы мүмкіндіктерін көрсету үшін пайдаланушының интерфейсін сәйкестендіреді.
Екі жақты басу және степлерлеу сияқты өнімдер үшін мүмкіндіктерді автоматты түрде енгізеді, сондықтан
Сізге оларды қолмен енгізуге тура келмейді.
Көбірек ақпарат алу үшін www.hp.com/go/upd бетіне өтіңіз.
UPD орнату режимдері
Әдеттегі режим
Осы режимді пайдалану үшін Интернеттен UPD жүктеңіз. www.hp.com/go/upd
бетіне өтіңіз.
Егер драйверді жеке компьютер үшін орнатсаңыз, осы режимді пайдаланыңыз.
Ол арнайы өніммен істейді.
Егер сіз осы режимді пайдалансаңыз, сізге әр компьютер және әр өнім үшін UPD
драйверін орнату керек.
Динамикалық режим
Осы режимді пайдалану үшін Интернеттен UPD жүктеңіз. www.hp.com/go/upd
бетіне өтіңіз.
Динамикалық режим кез келген жерден HP өнімдерін анықтау және сол арқылы
басып шығару үшін бір драйвер орнатылымын пайдалануыңызға мүмкіндік
береді.
Егер Сіз жұмыс тобының UPD орнатсаңыз, осы режимді пайдаланыңыз.
KKWW Қолдау көрсетілетін принтер драйверлері (Windows) 55