HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Қолдау көрсетілетін принтер драйверлері (Windows)
Принтер драйверлері өнім мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді және компьютерге өніммен
(принтер тілі арқылы) байланасуға мүмкіндік береді. Төмендегі драйверлерді www.hp.com/go/
ljowMFPM525_software торабынан алуға болады.
HP PCL 6 драйвері
Ықшам дискідегі әдепкі драйвер ретінде берілген. Басқа бір драйвер
таңдамасаңыз, осы драйвер автоматты түрде орнатылады.
Барлық Windows орталары үшін ұсынылады
Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен өнім мүмкіндігі
қолдауын қамтамасыз етеді
Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үшін Windows Graphic Device
Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп әзірленген
PCL 5 драйверіне негізделген үшінші тарап және бейімделген бағдарламалық
құралдарымен толық үйлеспеуі мүмкін
HP UPD PS драйвері
Adobe
®
бағдарламалық құралдарымен немесе басқа графикалық жадты көп
тұтынатын бағдарламалық құралдармен басып шығару үшін ұсынылады
Postscript эмуляция қажеттіліктерін қолдауды немесе postscript флэш қаріптерін
қолдауды қамтамасыз етеді
HP UPD PCL 5
Windows жабдықтарында басып шығарудың жалпы кеңсесінде ұсынылады
Алдыңғы PCL нұсқасымен немесе ескі HP LaserJet өнімімен үйлеседі
Үшінші тарап немесе бейімделген бағдарламалық құралдан басып шығару үшін
ең үздік таңдау
Өнімді PCL 5 (UNIX, Linux, mainframe) тіліне орнатуды қажет ететін аралас
орталарда жұмыс істегенде ең үздік таңдау
Көптеген өнім үлгілерімен бірге пайдалану үшін жалғыз драйверді қамтамасыз
ету үшін корпоративтік Windows орталарында пайдалануға арналған
Мобильді Windows компьютерінен көптеген өнім үлгілеріне басып шығарғанда
таңдаулы
HP UPD PCL 6
Барлық Windows орталарында басып шығаруға ұсынылады
Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен принтер
мүмкіндігін қолдауын қамтамасыз етеді
Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үшін Windows Graphic Device
Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп әзірленген
PCL 5 драйверіне негізделген үшінші тарап және бейімделген бағдарламалық
құралдарымен толық үйлеспеуі мүмкін
HP Әмбебап Принтер Драйвері (UPD)
Windows жүйесіне арналған HP Әмбебап принтер драйвері (UPD) жалғыз принтер драйвері болып
табылады әрі ол жекелеген драйверлерді жүктеместен кез келген жерден кез келген HP LaserJet өніміне
виртуалды кіру мүмкіндігін береді. Бұл дәлелденген HP принтер драйверінің технологиясына негізделген
және ол егжей-тегжейлі тестіленген және көптеген бағдарламалық құралдармен қолданылады. Бұл өте
күшті шешім әрі ол уақыт өткен сайын бір текті орындалады.
54 5-тарау Басып шығару KKWW