HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Өнім бағдарламалық құралының мәселелерін шешу (Windows)
Өнімнің принтер драйвері Printer (Принтер) қалтасында көрінбейді
1. Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар қолданбаны жабу
үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Close (Жабу) немесе Disable (Өшіру) тармағын
таңдаңыз.
2. USB кабелін компьютердің басқа USB портына жалғап көріңіз.
Бағдарламалық құралын орнату барысында экранға қателік хабары шығарылды
1. Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар қолданбаны жабу
үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Close (Жабу) немесе Disable (Өшіру) тармағын
таңдаңыз.
2. Өнім бағдарламалық құралын орнататын жетектегі бос орын мөлшерін тексеріңіз. Қажет болса,
мүмкіндігінше көп орын босатып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
3. Қажет болса, Диск дефрагментаторын іске қосып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
Өнім «Дайын» режимінде, бірақ ештеңе басып шығарылмайды
1. Конфигурация бетін басып шығарып, өнімнің жұмысын тексеріңіз.
2. Барлық кабельдердің дұрыс жалғанып, техникалық сипаттарға сәйкес екенін тексеріңіз. Оның ішіне
USB және қуат кабельдері кіреді. Жаңа кабель жалғап көріңіз.
3. Конфигурация бетіндегі IP мекенжайының бағдарламалық құрал портындағы IP мекенжайға
сәйкестігін тексеріңіз. Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Windows XP, Windows Server 2003, Windows Server 2008 және Windows Vista
а. Пускастау) түймешігін басыңыз немесе Windows Vista үшін экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Windows белгішесін басыңыз.
ә. Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
б. Printers and Faxes (Принтерлер мен факстар) (әдепкі «Бастау» мәзірінің көрінісін пайдаланып)
немесе Printers (Принтерлер) тармағын (классикалық «Бастау» мәзірінің көрінісін пайдаланып)
таңдаңыз.
в. Өнім драйверінің белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Properties (Сипаттар)
тармағын таңдаңыз.
г. Ports (Порттар) қойындысын басып, Congure Port (Порттың параметрлерін реттеу) тармағын
таңдаңыз.
ғ. IP мекенжайын тексеріп, OK немесе Cancel (Бас тарту) түймешігін басыңыз.
д. Егер IP мекенжайлары бірдей болмаса, драйверді жойып, драйверді дұрыс IP мекенжайымен
қайта орнатыңыз.
292 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW