HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Сымсыз желі мәселелерін шешу
Өнімнің желімен байланысып тұрғанына көз жеткізу үшін төмендегі тармақтарды тексеріңіз. Бастамас
бұрын, өнімнің басқару панелінен конфигурация бетін басып шығарып, осы бетте тізімделген өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
Өнімнің физикалық байланысы нашар.
Компьютер өнім үшін қате IP мекенжайын пайдалануда (Windows)
Компьютердің өніммен байланысуы мүмкін емес.
Өнім желі үшін дұрыс емес сілтеме және дуплекс параметрлерін пайдалануда
Жаңа бағдарламалық құралдар үйлесімді ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Компьютеріңіз немесе жұмыс компьютеріңіз дұрыс орнатылмаған.
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес.
Өнімнің физикалық байланысы нашар.
1. Дұрыс ұзындықтағы кабельді пайдаланып, өнімнің дұрыс жедідік портқа жалғанғанын тексеріңіз.
2. Кабельдің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
3. Өнімнің артқы жағындағы желілік портқа қосатын жерді қарап, сарғыш түсті жұмыс шамы және
жасыл түсті мәртебе шамы жанып тұрғанын тексеріңіз.
4. Егер ақаулық шешілмесе, концентраторға басқа кабельді немесе портты қолданып көріңіз.
Компьютер өнім үшін қате IP мекенжайын пайдалануда (Windows)
1. Принтердің сипаттарын ашып, Ports жиекбелгісін басыңыз. Өнім үшін қазіргі IP мекенжайының
таңдалғанын тексеріңіз. IP мекенжайы конфигурациялау бетінде көрсетілген.
2. Өнімді HP компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP мекенжайы
өзгерсе де әрдайым осы принтерге басып шығару атты жолды таңдаңыз.
3. Өнімді Microsoft компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP
мекенжайының орнына хост атын қолданыңыз.
4. Егер IP мекенжайы дұрыс болса, өнімді жойып, оны қайта қосыңыз.
Компьютердің өніммен байланысуы мүмкін емес.
1. Құрылғыны тексеру арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Start (Бастау) түймешігін
басып, Run (Іске қосу) пәрменін таңдап, cmd деп теріңіз.
ә. Өнім үшін IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын бос орынмен енгізіңіз.
б. Егер терезе айналым уақытын көрсетсе, желі жұмыс істейді.
2. Егер ақпарат жіберу командасы орындалмаса, желілік хабтардың қосулы екенін тексеріңіз, содан
кейін желі параметрлерінің, өнімнің және компьютердің бір желіге конфигурацияланғанын тексеріңіз.
280 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW