HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Желілік кабельді пайдаланып өнімді желіге қосып,
бағдарламаны орнатыңыз (Windows)
IP мекенжайын конфигурациялау
1. Өнім қосулы екенін және өнімнің басқару тақтасының дисплейінде Дайын хабары көрсетілгенін
тексеріңіз.
2. Желі кабелін өнімге және желіге жалғаңыз.
3. Жалғастырмас бұрын 60 секунд күтіңіз. Бұл уақытта желі өнімді анықтап, оған IP мекенжайын немесе
хост атын тағайындайды.
4. Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі түймешігін басып өнімнің IP мекенжайын
табыңыз.
Егер Желі түймешігі көрінбесе, IP мекенжайын немесе хост атын конфигурация бетін басып шығару
арқылы білуге болады.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Есептер
Конфигурация/күй беттері
Конфигурация беті
б. Басқару тақтасында ақпаратты көру үшін Көру түймешігін түртіңіз немесе беттерді басып
шығару үшін Басып шығару түймешігін түртіңіз.
KKWW Желілік кабельді пайдаланып өнімді желіге қосып, бағдарламаны орнатыңыз (Windows) 15