HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
USB кабелін пайдаланып өнімді компьютерге жалғап,
бағдарламаны орнатыңыз (Windows)
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабелін пайдаланыңыз. HP компаниясы кеңесі
бойынша, USB кабелі 2 метрден ұзын болмау керек.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы қосуды ұсынбайынша, USB кабелін қоспаңыз.
1. Компьютердегі барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Бағдарламалық құралды ықшам дискіден орнатыңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Ұсынылғанда Осы компьютерге USB кабелі арқылы тікелей жалғау опциясын таңдап, одан кейін
Келесі түймешігін басыңыз.
4. Бағдарлама ұсынғанда, USB кабелін өнім мен компьютерге жалғаңыз.
5. Орнатудың соңында Аяқтау түймешігін басыңыз я болмаса қосымша бағдарламалық құралды орнату
немесе өнімнің негізгі сандық жіберу мүмкіндіктерін конфигурациялау үшін Қосымша параметрлер
түймешігін басыңыз.
6. Бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген бағдарламадан бір бет басып
шығарыңыз.
14 2-тарау Өнімді жалғау және бағдарламаны орнату KKWW