HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Мәтін немесе суреттер үшін көшірме сапасын оңтайландыру
Көшірілетін суреттің түрі үшін көшірмесі жасалатын тапсырманы оңтайландыру: мәтін, сызбалар немесе
фотосуреттер.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
2. Қосымша параметрлер түймешігін, одан кейін Optimize Text/Picture (Мәтінді/суретті оңтайландыру)
түймешігін басыңыз.
3. Алдын ала анықталған параметрлердің бірін таңдаңыз немесе Қолмен реттеу түймешігін түртіңіз
және
Optimize For (Оңтайландыру) аймағындағы жүгірткіні реттеңіз. OK түймешігін түртіңіз.
4. Бастау түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін өнім әдепкі параметрлерді
қайтарады.
Шетпен шетке көшіру
Бұл мүмкіндікті түпнұсқа құжат жиектерге жақын басып шығарылғанда, көшірмелердің жиектерінің
бойында пайда болуы мүмкін көлеңкелерді болдырмау үшін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Көшіру параметрлері
Шеттері қатар
3. Түпнұсқа құжат қағаз беттеріне жақын басып шығарылған болса, Шеттері қатар шығысы опциясын
таңдаңыз.
4. OK түймешігін басыңыз.
Құжат бергішінің желімді білік пен бөлгіш төсемесін тазалаңыз.
1. Құжат бергіштің ысырмасын көтеріңіз.
KKWW Көшіру сапасын жақсарту 263