HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
ЕСКЕРТПЕ: Құжат бергішті пайдаланғанда, кіріс науасындағы бағыттауыштарды түпнұсқа құжатқа тиіп
тұратындай реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Құрылғыға техникалық қызмет көрсету түймешігін
түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Мөлшерлеу/тазалау
Сканерді калибрлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Келесі түймешігін басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, көшіру әрекетін қайталаңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
Қағаз параметрлерінде көшірілген беттерде жағылған жерлер, анық емес немесе күңгірт басып
шығарылған жерлер, оралған қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер немесе тонер сыртқа шыққан
аймақтар бар-жоғын тексеріңіз.
Қағаз өлшемі мен түрінің конфигурациясын тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Науалар түймешігіне жылжып барып, басыңыз.
2. Конфигурациялау керек науаның жолын басыңыз де, Өзгерту түймешігін басыңыз.
3. Опциялардың тізімдерінен қағаз өлшемі мен қағаз түрін таңдаңыз.
4. Таңдауыңызды сақтау үшін OK түймешігін басыңыз.
Көшіру үшін пайдаланылатын науаны таңдау
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігіне жылжып барып, басыңыз.
2. Paper Selection (Қағазды таңдау) түймешігін басыңыз.
3. Пайдалану керек қағаз орналасқан науаны таңдаңыз да, OK түймешігін басыңыз.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
Көшіру сапасын жақсарту үшін осы қосымша параметрлерді реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін басыңыз.
2. Суретті реттеу түймешігін басыңыз.
3. Күңгірттік деңгейін, Контраст деңгейін, Sharpness (Айқындық) деңгейін және Өңдік тазалау деңгейін
орнату үшін жүгірткілерді реттеңіз. OK түймешігін басыңыз.
4. Бастау түймешігін басыңыз.
262 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW