HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Құрылғыға техникалық қызмет көрсету түймешігіне
жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Мөлшерлеу/тазалау
Тазалау беті
3. Бетті басып шығару үшін Басып шығару түймешігін түртіңіз.
4. Тазалау бірнеше минут алуы мүмкін. Тазаланып болғанда, басылып шыққан қағазды алып тастаңыз.
Тонер картриджін көрнекі тексеру
1. Өнімнен тонер картриджін шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Тонер картриджіндегі бейнелеу барабанының жасыл бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Бейнелеу барабанына тиіспеңіз. Бейнелеу барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына
кері әсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар байқалса, тонер
картриджін ауыстырыңыз.
5. Бейнелеу барабаны зақымданбаған болып көрінсе, тонер картриджін бірнеше рет ақырын сілкіп,
қайта орнатыңыз. Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше беттерді басып шығарыңыз.
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Әрдайым осы өнім қолдайтын қағаз түрін және салмағын пайдаланыңыз. Қосымша ретінде, қағазды
таңдаған кезде осы нұсқауларды пайдаланыңыз:
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін және кесілмегенін, кертік
салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз еместігін,
қапсырмалардың жоқтығын және шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп қалмағанын тексеріңіз.
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
256 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW