HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Басқару тақтасының анықтамасы
Құрылғының ішіне әр экранды пайдалану жолын түсіндіретін «Анықтама» жүйесі орнатылған. Анықтама
жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Анықтама түймесін басыңыз.
Кейбір экрандарда «Анықтама» жүйесі жалпы мәзірден ашылып, белгілі бір тақырыптарды іздеуге
мүмкіндік береді. Мәзірдегі түймелерді түртіп, мәзір құрылымының ішін шарлауға болады.
Жеке тапсырмалар параметрлерін қамтитын экрандар үшін «Анықтама» жүйесі сол экрандардың
опцияларын түсіндіретін тақырыпты ашады.
Құрылғы қате немесе ескерту туралы хабар берсе, ақауды түсіндіретін хабарды ашу үшін Қате
түймешігін немесе Абайлаңыз түймешігін басыңыз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары
берілген.
Қажет жекелеген параметрлерге оңайырақ өту үшін Басқару мәзірінің толық есебін басып шығаруға
болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Есептер
Конфигурация/күй беттері
3. Басқару мәзірінің картасы опциясын таңдаңыз.
4. Есепті басып шығару үшін, Басып шығару түймешігін басыңыз.
228 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW