HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
2
Басқару панелін тазалау
Басқару панелін жұмсақ, түгі жоқ матамен тазалаңыз. Қағаз сүлгілерді немесе маталарды пайдаланбаңыз,
өйткені олар абразивті және экранды зақымдауы мүмкін. Егер қатып қалған қоқысты кетіру керек болса,
матаны суға немесе шыны тазалағышына малыңыз.
Басқару панелінің анықтамасы
Құрылғының ішіне әр экранды пайдалану жолын түсіндіретін «Анықтама» жүйесі орнатылған. Анықтама
жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Анықтама түймешігін түртіңіз.
Кейбір экрандарда «Анықтама» жүйесі жалпы мәзірден ашылып, белгілі бір тақырыптарды іздеуге
мүмкіндік береді. Мәзірдегі түймелерді түртіп, мәзір құрылымының ішін шарлауға болады.
Жеке тапсырмалар опцияларын қамтитын экрандар үшін «Анықтама» жүйесі сол экрандардың
опцияларын түсіндіретін тақырыпты ашады.
Құрылғы қате немесе ескерту туралы хабар берсе, ақауды түсіндіретін хабарды ашу үшін Қате
түймешігін немесе Абайлаңыз түймешігін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары
берілген
.
Қажет жекелеген параметрлерге оңайырақ өту үшін Басқару мәзірінің толық есебін басып шығаруға
болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
Есептер
Конфигурация/күй беттері
3. Басқару мәзірінің картасы опциясын таңдаңыз.
4. Есепті басып шығару үшін, Басып шығару түймешігін түртіңіз. Есепті қарау үшін Көру түймешігін
түртіңіз.
10 1-тарау Өніммен танысу KKWW