HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
6. Өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз. Бағдарламалық құралды тексеріп, өнімге
арналған принтер драйвері орнатылғанына көз жеткізіңіз. Принтер драйвері өніммен бірге берілген
ықшам дискіге жазылған. Сондай-ақ, принтер драйверін мына веб-тораптан жүктеп алуға болады:
www.hp.com/go/ljowMFPM525_software.
7. Жұмыс істеп тұрған басқа бағдарламалық құралдан қысқа құжатты басып шығарыңыз. Егер шешім
нәтиже берсе, онда ақаулық пайдаланып отырған бағдарламалық құралда болуы мүмкін. Егер ол
мәселені шешпесе (құжат басылып шықпаса), мына қадамдарды аяқтаңыз:
а. Тапсырманы өнімнің бағдарламалық құралы орнатылған басқа бір компьютерден басып
шығарып көріңіз.
ә. Егер өнімді желіге қосқан болсаңыз, онда ол өнімді компьютерге тікелей USB кабелімен
қосыңыз. Өнімді тиісті портқа бағыттаңыз немесе қолданып отырған жаңа қосылудың түрін
таңдап, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
KKWW «Мәселелерді шешу» тексеру парағы 225