HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Үнемдеу параметрлері
EconoMode режимімен басып шығару
Бұл өнімде құжаттардың жобаларын басуға арналған Үнемдеу Режимі мүмкіндігі бар. Үнемдеу Режимі
тонерді аздау пайдаланып, бір парақты басып шығару шығынын азайтады. Алайда, Үнемдеу Режимі баспа
сапасын да төмендетеді.
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі пайдаланған
жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы мүмкін. Баспа
сапасы төмендей бастап
, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға болады. Сол
драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP енгізілген веб-серверін пайдаланып қосуға
болады.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. EconoMode (Үнемдеу режимі) параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін Жарайды түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі Жарайды түймешігін
басыңыз.
Жылдамдықты немесе қуатты пайдалануды оңтайландыру
Әдепкі бойынша, жылдамдықты оңтайландыру және тапсырмалардың бірінші бетін тезірек басып шығару
үшін өнім тапсырмалардың арасында жылы болады. Өнімді тапсырмалар арасында суытуға орната
аласыз, бұл қуатты үнемдейді.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
Қуат параметрлері
Оңтайлы жылдамдық/қуатты пайдалану
3. Пайдалану керек опцияны таңдаңыз да, Сақтау түймешігін түртіңіз.
Күту режимін реттеу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Төмендегі мәзірлердің әр біреуін ашыңыз.
216 9-тарау Өнімді басқару KKWW