HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
IP желі параметрлерін реттеу
Принтер ортақтасқан дисклеймері
HP бір рангті желіні қолдамайды, себебі мүмкіндік Microsoft амалдық жүйелерінің функциясы болып
табылады және HP баспа драйверлері емес. Microsoft компаниясының www.microsoft.com сайтына
барыңыз.
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.
Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол келесідей
қалыпта болады:
xxx.xxx.xxx.xxx
Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP мекенжайы таңбалар мен сандардың
оналтылық тіркестерінен тұрады. Оның форматы мынаған ұқсас:
xxxx::xxxx:xxxx:xxxx:xxxx
2. HP ендірілген веб-серверін ашу үшін веб-браузердің мекенжай жолына IP мекенжайын теріңіз.
3. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networkingеліге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Сіз
параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз
IPv4 мекенжайын, ішкі желі маскасын және әдепкі шлюзді қолмен орнату үшін, басқару тақтасындағы
Басқару мәзірлерін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Желі параметрлері
Jetdirect мәзірі
TCP/IP
IPV4 параметрлері
Конфигурация әдісі
3. Қолмен орындалатын опциясын таңдаңыз да, Сақтау түймешігін түртіңіз.
4. Қолмен енгізілетін параметрлер мәзірін ашыңыз.
204 9-тарау Өнімді басқару KKWW