HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Егер журналды жазбаларды сақтау мақсатында пайдаланғыңыз келсе, журналды кезеңді түрде басып
шығарыңыз да, тазалаңыз.
Факс жұмыстарын тіркеу журналын тазалау үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Басқару тақтасында Басқару белгішесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Факс жұмыстарын тіркеу журналын тазалау
3. Факс жұмыстарын тіркеу журналын тазалау үшін Тазалау түймешігін түртіңіз.
Төлем коды туралы есеп
Төлем коды туралы есеп — төлем кодында тізілген, сәтті жіберілген соңғы 500 факстың тізімі. Бұл есепте
келесі ақпарат беріледі.
Төлем кодының нөмірі
Сәтті жіберілген барлық факстардың күні мен уақыты
Идентификациялық нөмір
Ұзақтық (тұтқа алынған уақыт)
Жіберілген бет саны
Нәтиже (сәттілік)
Дерекқор соңғы 500 факсты сақтайды. Егер есепті жазбаларды сақтау мақсатында пайдаланғыңыз келсе,
есепті кезеңді түрде басып шығарыңыз да, тазалаңыз.
Бұғатталған факстар тізімі туралы есеп
Бұғатталған факстар тізімі туралы есепте өнім факстар алмауға конфигурацияланған факс нөмірлерінің
тізімі болады.
Жылдам теру тізімі туралы есеп
Жылдам теру тізімі туралы есеп жылдам теру аттарына тағайындалған факс нөмірлерін тізеді.
Факс шақыру туралы есеп
Факс шақыру туралы есеп — жіберілген немесе қабылданған соңғы факстың күйін көрсететін қысқа есеп.
202 8-тарау Факс KKWW