HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Факс есептері
Келесі бөлімдерде осы өнімде бар факс есептері тізілген. Бұл есептерді өнімнің басқару тақтасында басып
шығаруға немесе қарауға болады.
Бұл өнімде келесі факс есептері бар:
Факс журналы
Төлем кодтары туралы есеп
Факсты блоктау тізімі
Жылдам теру тізімі
Факс шақыру туралы есеп
Факс туралы есепті басып шығару немесе көру үшін келесі қадамдарды пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Есептер
Fax Reports («Факс есеп берулері»)
3. Басып шығару немесе қарау керек журналды немесе есепті таңдаңыз.
4. Басып шығару немесе Көру түймешiгін түртіңіз.
Факс жұмыстарын тіркеу журналы
Факс жұмыстарын тіркеу журналы келесі ақпаратты қамтиды.
Өнімде факстың үстіңгі деректемесі туралы ақпарат конфигурацияланған.
Әр факс тапсырмасының тапсырма нөмірі.
Қабылданған, жіберілен немесе жіберілмеген факстардың күні мен уақыты.
Факс тапсырмасының түрі; жіберу немесе қабылдау.
Жіберушінің идентификаторы (бар болса, телефон нөмірі)
Ұзақтық (тұтқа алынған уақыт)
Беттердің саны
Нәтиже (сәтті жіберілді, күтуде немесе жіберілмеді, бұл қате түрі мен кодын қамтиды)
Дерекқор соңғы 500 факс жазбасын сақтайды. Дерекқордың факс жазбалары кез келген факс сеансын
жазба ретінде қосады. Мысалы, факс сеансы жіберілген факс, қабылданған факс немесе шағын
бағдарламаны жаңартулар болуы мүмкін. Жұмысқа байланысты есепте 500 жазбадан азырақ болуы
мүмкін.
KKWW Факс есептері 201