HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Факстарды мұрағаттау және қайта бағыттау
Бүкіл кіріс факстардың, бүкіл шығыс факстардың мұрағаттық көшірмелерін немесе екеуін де көрсетілген
электрондық пошта мекенжайына, желі қалтасына немесе FTP серверіне сақтау үшін факстарды
мұрағаттау мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Бүкіл қабылданған факстарды, бүкіл шығыс факстарды немесе екеуін де басқа факс нөміріне қайта
бағыттау үшін факстарды қайта бағыттау мүмкіндігін пайдаланыңыз. Факстарды қайта бағыттау қосулы
кезде
, қабылдайтын өнім факсты басып шығарады, сондай-ақ, факсты факстарды қайта бағыттау нөміріне
қайта бағыттайды.
Бұл мүмкіндіктерді қосу және реттеу үшін HP енгізілген веб-серверін пайдаланыңыз.
Факстарды мұрағаттауды қосу
1. Веб-шолғышты ашып, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын енгізіңіз.
2. HP енгізілген веб-сервері ашылғанда, Факс қойындысын басыңыз.
3. Факсты мұрағаттау және қайта бағыттау (Архивирование и переадресация факсов) басыңыз.
4. Факс мұрағаты аймағындағы Факсті мұрағаттау ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.
5. Мұрағаттау керек факс тапсырмасының түрі ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.
6. Мұрағат тағайындауы ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Электрондық поштаны мұрағаттау керек болса, SMTP сервер мәліметтерін реттеуіңіз
қажет.
7. Беттің төменгі жағындағы Қолдану түймешігін басыңыз.
Факстарды қайта бағыттауды қосу
1. Веб-шолғышты ашып, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын енгізіңіз.
2. HP енгізілген веб-сервері ашылғанда, Факс қойындысын басыңыз.
3. Факсты мұрағаттау және қайта бағыттау (Архивирование и переадресация факсов) басыңыз.
4. Факс жіберу аймағында Факсты қайта бағыттауды қосу жолағын таңдаңыз.
5. Қайта бағыттау керек факс тапсырмасының түрі ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.
6. Факс нөмірін Факсты қайта бағыттау нөмірі өрісіне енгізіңіз.
7. Беттің төменгі жағындағы Қолдану түймешігін басыңыз.
KKWW Факстарды мұрағаттау және қайта бағыттау 185