HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Құжаттарды Жылдам орнату мүмкіндігі арқылы факспен жіберу
Факс жіберудің алдын ала орнатылған опцияларына жылдам қол жеткізу үшін Жылдам орнату мүмкіндігін
қолданыңыз.
Өнімнің әкімшісі басқару панелінің Басты экранындағы Жылдам орнату мәзірінде пайдалануға болатын
Жылдам орнатуларды жасау үшін HP ендірілген веб-серверін пайдаланса болады.
Жылдам орнату жасау
1. Веб-шолғышты ашыңыз да, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын енгізіңіз.
2. HP енгізілген веб-сервері ашылғанда, Факс қойындысын басыңыз.
3. Терезенің сол жақ аймағындағы Факс жіберу параметрлерін орнату (Настройка отправки факсов)
сілтемесін басыңыз.
4. Жылдам орнату жасау үшін, Жылдам орнатуаймағындағы Қосу түймешігін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Алдын ала орнатылған Жылдам орнатуды пайдалану
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Жылдам орнату түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Өнім әкімшісінің Жылдам орнатуды тікелей Басты экранға орналастыруға мүмкіндігі бар.
Ондай жағдайда, Жылдам орнату түймешігінің орнына нақты Жылдам орнатудың түймешігін түртіңіз.
2. Қолданылатын Жылдам орнатудың атын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жылдам орнатулар әр сканерлеу/жіберу мүмкіндігіне сәйкес келетін түстермен
кодталады. Мысалы, Факс жылдам орнатуларының Жылдам орнату атының артында Факс
мүмкіндігінің атының артындағы қызыл жолаққа сәйкес келетін қызыл жолақ бар.
3. Қандай да бір қажетті параметрлерді реттеп, тапсырманы аяқтау үшін Бастау түймешігін түртіңіз.
180 8-тарау Факс KKWW