HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Факстар үшін дұрыс берілмеуді автоматты түрде анықтау
Бұл өнімнің құжат бергішінде парақтар сканерлеу механизміне енгенде олардың қалыңдығын автоматты
түрде анықтайтын сенсор бар. Егер сенсор бір уақытта екі немесе одан көп парақты анықтаса, өнім тоқтап,
парақтарды алып тастау туралы дабыл береді. Бұл параметр әдепкіде өшірулі болады. Құжат бергіш
арқылы бүгілген кітапшалар сияқты ауыр қағазды және құжаттарды көшіру мүмкін болатындай бұл
параметрді қайта анықтау үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Қате берілуді анықтау түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Оны таңдау үшін, Ажыратулы құсбелгісін қойыңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
KKWW Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеуді қолдану 179