HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеуді қолдану
Негізгі суретті өңдеу мүмкіндіктері қоса, бұл өнім бірнеше кеңейтілген суретті өңдеу мүмкіндіктерін қосатын
технологияны қамтиды.
Факстар үшін автоматты сурет бағдары
Факстар үшін реңкті автоматты түрде реттеу
Факстар үшін дұрыс берілмеуді автоматты түрде анықтау
Факстар үшін автоматты сурет бағдары
Беттегі мәтіннің кемінде 100 таңбасы бар түпнұсқа құжаттар үшін құрал беттің жоғарғы жағындағы ұштың
түрін анықтай алады және сканерленген суреттерді сәйкесінше бағыттайды. Бірнеше бетті және кейбір
беттерді басқа беттерге қатысты жоғарғы жағын төмен қаратып сканерлеп жатсаңыз, нәтижесіндегі
сканерленген суретте барлық беттер оң жағы жоғарыға қараған болады. Кейбір беттерде альбомдық
бағдар болса, өнім суретті беттің жоғарғы жағы суреттің жоғарғы жағында болатындай бұрады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Мазмұн бағдары түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Автоматты түрде анықтау опциясын таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін реңкті автоматты түрде реттеу
Әр бет үшін жеке күңгірттік, контраст және фонды тазарту параметрлерін автоматты түрде реттеу үшін
құралды конфигурациялауға болады. Мысалы, түпнұсқа құжатта басқалардан ашығырақ кейбір беттер
болса, нәтижесіндегі сканерленген суретте барлық беттер үшін біркелкілеу күңгірттік параметрі болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Суретті реттеу түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Оны таңдау үшін, Автоматты сигнал құсбелгісін қойыңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
178 8-тарау Факс KKWW