HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Фонды тазалау үшін, Өңдік тазалау жүгірткісін оңға реттеңіз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін Тапсырма құру режимін пайдалану
Бастапқы құжаттардың бірнеше жиынын бір факс тапсырмасына біріктіру үшін Тапсырмаларды құру
мүмкіндігін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл мүмкіндікті құжат бергіш бір уақытта сыйдыра алатыннан
көбірек беттері бар түпнұсқа құжатты көшіру үшін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Тапсырмаларды құру түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Бастау түймешігін түртіңіз. Әрбір бет сканерленгеннен кейін немесе құжат беру құралы бос
болғанда, басқару тақтасы көбірек бет салуды ескертеді.
6. Егер тапсырмада қосымша беттер болса, келесі бетті салыңыз да, Сканерлеу түймешігін түртіңіз.
Өнім сканерленген суреттердің бәрін уақытша сақтайды. Тапсырманы аяқтау үшін, Аяқтау түймешігін
түртіңіз.
Факстар үшін бос беттерді болдырмау
Өнімге бастапқы құжаттағы бос беттерді факспен жіберілген суретке қоспауға нұсқау беруге болады.
Әдепкіде, өнім факспен жіберілген суреттердегі барлық беттерді қамтиды. Бос беттерді болдырмау үшін
төмендегі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Бос беттер тастап кету түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Қосулы опциясын таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
KKWW Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 177