HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін хабарландыру опцияларын таңдау
Өнімге факс тапсырмаларының күйі туралы хабарлау туралы нұсқау беруге болады. Өнім хабарландыруды
басып шығара алады немесе сіз көрсеткен мекенжайға электрондық хатпен хабарландыру жібере алады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Хабарландыру түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Әдепкіде, өнім хабарландыру жіберетін етіп орнатылмайды. Хабарландыру алу үшін төмендегі
опциялардың біреуін таңдаңыз:
Тапсырма аяқталғанда хабарлау: Өнім тапсырма аяқталғанда хабарлайды.
Тек тапсырма орындалмағанда хабарлау: Өнім тапсырма сәтсіз аяқталса ғана хабарлайды. Ол
сәтті тапсырмалар үшін хабарландыру жібермейді.
6. Хабарландыру басып шығарылуы немесе электрондық пошта арқылы жіберілуі керектігін таңдаңыз.
Егер электрондық пошта опциясын таңдасаңыз, Хабарландырылатын электрондық пошта
мекенжайы: өрісін түртіп, содан кейін пайдаланылатын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.
7. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
8. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін анықтықты реттеу
Кескінді айқынырақ немесе жұмсағырақ ету үшін Sharpness (Айқындық) параметрін реттеңіз. Мысалы,
айқындықты арттыру мәтіннің анық етіп көрсетуі мүмкін, бірақ оны төмендету фотосуреттерді жұқалау етіп
көрсетуі мүмкін.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Суретті реттеу түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Айқындықты төмендету үшін Sharpness (Айқындық) слайдерін солға қарай сырғытыңыз немесе
айқындықты арттыру үшін оны оң жаққа сырғытыңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
KKWW Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 175