HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін
қолдану
Өнімді пайдаланып шығыс факстардағы суреттерді бірнеше жолмен жақсартуға болады.
Факстарды мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
Факстар үшін бастапқы құжаттардың жақтар санын көрсету
Факстар үшін ажыратымдылықты таңдау
Факстар үшін бастапқы құжаттардың өлшемін көрсету
Факстар үшін хабарландыру опцияларын таңдау
Факстар үшін анықтықты реттеу
Факстар үшін күңгірттікті реттеу
Факстар үшін контрастты реттеу
Факстар үшін фонды тазалау
Факстар үшін Тапсырма құру режимін пайдалану
Факстар үшін бос беттерді болдырмау
Факстарды мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
Сканерленетін суреттің түріне арналған факс тапсырмасын оңтайландыру: мәтін, сызбалар немесе
фотосуреттер.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Optimize Text/Picture (Мәтінді/суретті оңтайландыру) түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Алдын ала анықталған опциялардың бірін таңдаңыз немесе Қолмен реттеу түймешігін түртіңіз және
Optimize For (Оңтайландыру) аймағындағы жүгірткіні реттеңіз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін бастапқы құжаттардың жақтар санын көрсету
Бастапқы құжат бір жақта немесе екі жақта басып шығарылатынын көрсетуге болады. Құжат бергіштен
факс жібергенде, өнім қосымша өзара әрекеттесусіз екі жақты да автоматты түрде сканерлей алады.
Планшеттік сканер шынысынан факс жіберсеңіз және түпнұсқа екі жақта да басып шығарылатынын
көрсетсеңіз, өнім бірінші бетті сканерлегеннен кейін бетті аударуды сұрайды.
KKWW Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 173