HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Факс төлем кодтарын конфигурациялау
Қосулы кезде, төлем коды параметрі факс жібергенде пайдаланушыдан нөмірді енгізуді сұрайды. Бұл
нөмір төлем коды туралы есепке орналастырылады. Төлем коды туралы есепті көру үшін есепті басып
шығарыңыз немесе бағдарламаны пайдалана отырып оны сұраңыз.
Төлем кодтары әдепкі бойынша өшірілген. Төлем кодтарын қосу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Fax Send Settings (Факс жіберу параметрлері)
Fax Send Setup (Факс жіберу параметрлерін орнату)
Billing Codes («Төлем кодтары»)
3. Төлем кодтарын қосу үшін Төлем кодтарын қосу мүмкіндігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Төлем кодтарын өшіру үшін Төлем кодтарын қосу мүмкіндігін таңдауды болдырмаңыз,
Сақтау түймешігін түртіңіз, содан кейін қалған қадамдарды өткізіп жіберіңіз.
Пайдаланушыларға төлем кодтарын өңдеуге мүмкіндік беру үшін Пайдаланушыларға төлем
кодтарын өңдеуге рұқсат ету құсбелгісін қойыңыз.
4. Пернетақтаны ашу үшін Әдепкі төлем коды өрісін түртіңіз.
5. Төлем кодын енгізіп, OK түймешігін түртіңіз.
6. Пернетақтаны ашу үшін, Ең аз ұзындық өрісін түртіңіз.
7. Төлем кодында болуы керек ең аз цифрлар санын теріңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
8. Сақтау түймешігін түртіңіз.
170 8-тарау Факс KKWW