HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Жалпы факс жіберу параметрлерін конфигурациялау
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Fax Send Settings (Факс жіберу параметрлері)
Fax Send Setup (Факс жіберу параметрлерін орнату)
Жалпы факс жіберу параметрлері
Келесі параметрлердің кез келгенін конфигурациялаңыз:
Мәзір тармағы Сипаттама
Факс нөмірін растау Факс нөмірін растау мүмкіндігі қосулы кезде, дұрыс енгізілуін қамтамасыз ету үшін факс
нөмірін екі рет енгізу керек. Бұл мүмкіндік әдепкі бойынша өшірілген.
Компьютер арқылы факс жіберу Компьютерден факстарды жіберу үшін Компьютер арқылы факс жіберу мүмкіндігін
пайдаланыңыз. Бұл мүмкіндік әдепкі параметрлер бойынша қосылған.
Факс тақырыбы Үстіңгі деректеме жоғарғы жаққа бекітілетінін және мазмұн төмен ауыстырылатынын
немесе үстіңгі деректеме алдыңғы үстіңгі деректеменің үстінен қабаттасатынын
басқару үшін Факс тақырыбы мүмкіндігін пайдаланыңыз.
JBIG қысу JBIG қысу мүмкіндігін қосу факсты тасымалдау уақытын азайту арқылы телефон
қоңырауларының ақысын азайта алады және таңдаулы параметр болуы мүмкін. Бірақ,
JBIG қысу мүмкіндігін пайдалану кейбір ескірек факс машиналарымен үйлесімділік
мәселелерін тудыруы мүмкін, бұл жағдайда оны өшіру керек болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: JBIG қысу мүмкіндігі жіберетін де, қабылдайтын да машиналарда осы
параметр бар болғанда ғана жұмыс істейді.
Error Correction Mode (Қатені түзету
режимі)
Әдетте, факс жабдығы факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі
сигналдарды бақылап отырады. Егер берілім кезінде факс жабдығы қате тапса, және
Error Correction Mode (Қатені түзету режимі) параметрі қосулы болса, факс жабдығы
факстың қате бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін.
Error Correction Mode (Қатені түзету режимі) мүмкіндігі әдепкі бойынша қосылған. Оны
факсты жіберуде немесе қабылдауда мәселе болса және берілімдегі қателерді және
сурет сапасының ықтимал азаюын қабылдайтын болсаңыз ғана өшіру керек. Факсті
шетелге жіберу немесе шетелден факс қабылдау кезінде немесе сіз телефон
байланысын жер серігі арқылы пайдалансаңыз, бұл функцияны ажыратып қою
пайдалы болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір VoIP провайдерлері Error Correction Mode (Қатені түзету режимі)
параметрін өшіруді ұсынуы мүмкін. Бірақ, бұл әдетте қажет емес.
KKWW Жалпы факс жіберу параметрлерін конфигурациялау 169