HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Fax Send Setup (Факс жіберу параметрлерін орнату)
Факс параметрлерін орнату шебері
3. Міндетті параметрлерді конфигурациялау үшін факс параметрлерін орнату шеберіндегі қадамдарды
орындаңыз. Факс параметрлерін орнату аяқталды.
ЕСКЕРТПЕ: Басқару тақтасындағы факс параметрлерін орнату шеберін пайдаланып конфигурацияланған
параметрлер НР ендірілген веб-серверінде жасалған кез келген параметрлерді қайта анықтайды.
ЕСКЕРТПЕ: Егер мәзір тізімінде Fax Settings (Факс параметрлері) мәзірі пайда болмаса, жергілікті желі
немесе интернет факсы қосулы болуы мүмкін. Жергілікті желі немесе интернет факсы қосулы кезде,
аналогтық факс жабдығы өшіріледі және Fax Settings (Факс параметрлері) мәзірі көрсетілмейді. Бір
уақытта тек бір факс мүмкіндігін қосуға болады, жергілікті факс, аналогтық факс немесе интернет факсы.
Егер жергілікті факс қосулы кезде аналогтық факсты пайдаланғыңыз келсе, HP MFP сандық жіберу
бағдарламасын конфигурациялау қызметтік бағдарламасын немесе HP ендірілген веб-серверін
пайдаланып жергілікті факсты өшіріңіз.
Күн мен уақытты орнату немесе тексеру
Факс жабдығының күн мен уақыт параметрінің мәні өнімнің күн мен уақыт параметрінің мәнімен бірдей.
Бұл ақпаратты беру үшін факс параметрлерін орнату шеберін пайдаланыңыз немесе мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
Күн/уақыт параметрлері
Күн/уақыт
3. Тіліңіз үшін дұрыс Уақыт белдеуі параметрін түртіңіз.
4. Ай ашылмалы мәзірін түртіп, айды таңдаңыз.
5. Сандық пернетақтадан күн мен жылды енгізу үшін Күн ашылмалы мәзірінің жанындағы жолақтарды
түртіңіз.
6. Сандық пернетақтадан сағат және минуттарды енгізу үшін Уақыт үстіңгі деректемесінің астындағы
жолақтарды түртіңіз де, AM немесе PM түймешігін түртіңіз.
7. Қажет болса, Жазғы уақытқа реттеу мүмкіндігін түртіңіз.
8. Параметрді сақтау үшін Сақтау түймешігін түртіңіз.
Күн/уақыт пішімін орнату немесе тексеру
Факс жабдығының күн және уақыт пішімі өнімнің күн және уақыт параметрінің пішімімен бірдей. Бұл
ақпаратты беру үшін факс параметрлерін орнату шеберін пайдаланыңыз немесе мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
KKWW Міндетті факс параметрлерін конфигурациялау 165