HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Міндетті факс параметрлерін конфигурациялау
Факс мүмкіндігін пайдалана алмас бұрын белгілі бір параметрлерді конфигурациялау керек. Егер бұл
параметрлер конфигурацияланбаған болса, факс белгішесі қол жетімді емес болады. Бұл параметрлер
мыналарды қамтиды:
Ел/аймақ
Күн/уақыт
Company Name («Компания атауы»)
Fax Number («Факс нөмірі»)
Dialing Prexеру префиксі) (optional) (қосымша):
Бұл ақпарат бүкіл шығыс факстарда басылатын факс үстіңгі деректемесінде пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Бірінші рет орнатқанда, факс жабдығы осы параметрлердің кейбіреулерін өнімнен оқуы
мүмкін, сондықтан, мән әлдеқашан орнатылған болуы мүмкін. Мәндердің дұрыс екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: АҚШ-та және көптеген басқа елдерде/аймақтарда, күнді, уақытта, елді/аймақты, телефон
нөмірін және компания атауын орнату — факске қойылатын заңды талап. Сіздің ел/аймақ үшін дұрыс
параметрлерді пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз.
Факс параметрлерін орнату шебері
Факс параметрлерін орнату шебері факс мүмкіндігін пайдалану үшін керек факс параметрлерін
конфигурациялау үшін қадамдық процедурадан өткізеді. Егер параметрлер конфигурацияланбаған болса,
факс мүмкіндігі өшірулі болады.
Өнім факс жабдығы орнатылған күйде бірінші рет қосылғанда, факс параметрлерін орнату шеберін мына
қадамдарды орындау арқылы ашыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Бастапқы параметрлерді орнату түймешігін түртіңіз.
2. Факс параметрлерін орнату шебері мәзірін түртіңіз.
3. Міндетті параметрлерді конфигурациялау үшін факс параметрлерін орнату шеберіндегі қадамдарды
орындаңыз.
4. Факс параметрлерін орнату шебері жұмысын аяқтағанда, басты экранда Бастапқы параметрлерді
орнату түймешігін жасыру опциясы пайда болады.
Факс параметрлерін орнату шеберін бастапқы параметрлерді орнатудан кейін басқару тақтасы арқылы
мына қадамдарды орындау арқылы ашыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Fax Send Settings (Факс жіберу параметрлері)
164 8-тарау Факс KKWW