HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Сканерленген құжатты SharePoint® торабына жіберу
Өнім файлды сканерлеп, тікелей Microsoft® SharePoint® торабына сақтай алады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің өнімге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне қойып немесе құжатты беру құрылғсына бетін жоғары
қаратып салып, құжаттың өлшеміне сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын сәйкестендіріңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда SharePoint® құрылғысына сақтау (Сохранить на
устройстве SharePoint®) түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізіңіз.
3. Жылдам орнату тізімінен тармақтардың бірін таңдаңыз.
4. Пернетақтаны ашу үшін, Файл атауы: мәтін жолын басып, файлдың атын жазыңыз. OK түймешігін
түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңбаларды енгізу үшін физикалық пернетақтаны немесе виртуалды пернетақтаны
қолданыңыз.
5. Қажет болса, басқа шығыс файл пішімін таңдау үшін Файл түрі ашылмалы мәзірін басыңыз.
6. Құжат параметрлерін реттеу үшін Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
7. Файлды сақтау үшін Бастау түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Суретті экранның жоғарғы оң бұрышындағы Алдын ала қарау түймешігін түрту арқылы
кез келген уақытта алдын ала қарауға болады. Бұл мүмкіндік туралы қосымша ақпарат алу үшін
алдын ала қарау экранындағы Анықтама түймешігін түртіңіз.
KKWW Сканерленген құжатты SharePoint® торабына жіберу 159