HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Электрондық поштаны жіберу үшін мекенжайлық кітапты
пайдалану
Мекенжайлық кітапты пайдалана отырып, алушылар тізіміне электрондық пошта жіберуге болады. Өнім
қалай конфигурацияланғанына байланысты сізде төмендегі мекенжайлық кітапты көру опцияларының
біреуі болуы мүмкін.
Барлық контактілер: сізге қол жетімді контактілердің барлығын тізеді.
Personal Contacts (Жеке контактілер): пайдаланушы атыңызбен байланысты контактілердің
барлығын тізеді. Бұл контактілер өнімді пайдаланатын басқа адамдарға көрінбейді.
ЕСКЕРТПЕ: Personal Contacts (Жеке контактілер) тізімін көру үшін өнімге кірген болуыңыз керек.
Жергілікті контактілер: Өнім жадында сақталған контактілердің барлығын тізеді. Бұл контактілер
өнімді пайдаланатын адамдардың бәріне көрінеді.
Өнімнің басқару тақтасынан мекенжайлық кітапқа контактілерді қосу
Егер сіз өнімге кірген болсаңыз, мекенжайлық кітапқа қосатын контактілер өнімді пайдаланатын басқа
адамдарға көрінбейді.
Егер сіз өнімге кірген болсаңыз, мекенжайлық кітапқа қосатын контактілер өнімді пайдаланатын
адамдардың бәріне көрінеді.
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, HP енгізілген веб-серверін (EWS) мекенжайлық кітапты жасау және басқару үшін
пайдалануға болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Электрондық пошта түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты
мен құпия сөзді енгізіңіз.
154 7-тарау Сканерлеу/жіберу KKWW