HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Сканерленген құжатты USB флеш жадына жіберу
Өнім файлды сканерлеп, оны USB жадындағы қалтаға сақтай алады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің өнімге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
Бұл мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын, USB портын қосуыңыз керек. Өнімнің басқару тақтасы мәзірлерінен
портты қосу үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Қосу параметрін таңдап, Сақтау түймесін басыңыз.
Құжатты сканерлеу және сақтау
1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен
қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке
бетін жоғары қаратып қойыңыз және қағаз
бағыттауыштарын құжат өлшеміне сәйкес
реттеңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
USB құрылғысына сақтау түймешігіне жылжып
барып, басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты
мен құпия сөзді енгізіңіз.
148 7-тарау Сканерлеу/жіберу KKWW