HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Сканерленген құжатты өнім жадындағы қалтаға жіберу
Осы процедураны пайдаланып, көшірмелерді кез келген уақытта басып шығара алу үшін құжатты
сканерлеп, өнімде сақтаңыз.
1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен
қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке
бетін жоғары қаратып қойыңыз және қағаз
бағыттауыштарын құжат өлшеміне сәйкес
реттеңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Құрылғы жадына сақтау түймешігіне жылжып
барып, басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты
мен құпия сөзді енгізіңіз.
3. Бар қалтаны таңдаңыз немесе жаңа қалтаны
жасау үшін Жаңа қалта түймешігін басыңыз.
4. Файл атауы: өрісінде файл атауын енгізіңіз.
5. Құжат параметрлерін реттеу үшін Қосымша
параметрлер түймешігін басыңыз.
6. Файлды сақтау үшін Бастау түймешігін
басыңыз.
KKWW Сканерленген құжатты өнім жадындағы қалтаға жіберу 147