HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Сканерленген құжатты желілік қалтаға жіберу
Өнім файлға сканерлеп, оны желідегі қалтаға сақтай алады. Бұл мүмкіндікті келесі операциялық жүйелер
қолдайды:
64 биттік Windows Server 2003
64 биттік Windows Server 2008
64 биттік Windows XP
64 биттік Windows Vista
64 биттік Windows 7
Novell v5.1 және одан кейінгі нұсқа (Жылдам орнату қалталарына ғана кіру рұқсаты)
ЕСКЕРТПЕ: Windows файлды ортақ пайдалану мүмкіндігін реттесеңіз, бұл мүмкіндікті Mac OS X v10.6 және
одан бұрынғы нұсқасымен пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің өнімге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
Жүйелік әкімші HP Embedded Web Server бағдарламасын пайдаланып алдын ала анықталған Жылдам
орнату қалталарын реттей алады немесе басқа желілік қалтаға жол беруге болады.
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне
қойып немесе құжатты беру құрылғсына бетін
жоғары қаратып салып, құжаттың өлшеміне
сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын
сәйкестендіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер 2 жақты сканерлеуді
таңдасаңыз және бұл өнім үшін автоматты сурет
бағдары опциялары қол жетімді болса, беттерді
құжат бергішке кез келген бағдармен жүктеуге
болады.
KKWW Сканерленген құжатты желілік қалтаға жіберу 143