HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
5. Көп беттік көріністі ашу үшін көру түймешігін түртіңіз. Көп беттік көріністе құжаттағы беттерді өзгерту
үшін бірнеше опция қол жетімді. Опцияларды қосу үшін құжатты алдын ала қарау аумағындағы
беттердің біреуін түртіңіз.
1
2
3
4
1 Беттерді бекіту түймешігі: Бұл түймешікті құжатқа қосымша беттерді қосу үшін пайдаланыңыз. Беттерді бекіту
түймешігін түртіп, содан кейін қосымша беттерді құжат бергішке немесе сканер шынысына қойыңыз. Сканерлеу
түймешігін түртіңіз.
2 Беттерді жылжыту түймешігі: Жылжыту керек бетті немесе беттерді түртіңіз. Беттер ауқымын таңдау үшін
ауқымдағы бірінші және соңғы беттерді түртіңіз. Беттерді жылжыту түймешігін түртіңіз. Экранда беттерді қайда
жылжытуға болатынын көрсететін бетті кірістіру түймешіктері пайда болады. Беттерді жылжыту үшін бетті
кірістіру түймешіктерінің біреуін түртіңіз.
3 Беттерді бұру түймешігі: Бұру керек бетті немесе беттерді түртіңіз. Беттер ауқымын таңдау үшін ауқымдағы
бірінші және соңғы беттерді түртіңіз. Беттерді бұру түймешігін түртіңіз. Беттер осы түймешікті түрткен сайын
сағат тілімін 90 градусқа бұрылады.
4 Беттерді жою түймешігі: Жою керек бетті немесе беттерді түртіңіз. Беттер ауқымын таңдау үшін ауқымдағы
бірінші және соңғы беттерді түртіңіз. Беттерді жою түймешігін түртіп, содан кейін көрсетілген диалогтық терезеде
беттерді жою үшін Жою түймешігін түртіңіз.
6. Файлды сақтау үшін Бастау түймешігін түртіңіз.
KKWW Суретті алдын ала қарау мүмкіндігін пайдалану 141