HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Суретті алдын ала қарау мүмкіндігін пайдалану
Өнім суретті алдын ала қарау мүмкіндігін қамтиды. Осылайша тапсырманы орындау алдында
сканерленген суреттерді алдын ала қарауға және реттеулер енгізуге болады. Суретті алдын ала қарау
келесі сканерлеу/жіберу мүмкіндіктері үшін қол жетімді:
Электрондық пошта
Желілік қалтаға сақтау
USB құрылғысына сақтау
SharePoint® құрылғысына сақтау (Сохранить на устройстве SharePoint®)
Факс
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне қойып немесе құжатты беру құрылғсына бетін жоғары
қаратып салып, құжаттың өлшеміне сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын сәйкестендіріңіз.
2. Қолдау көрсетілетін сканерлеу мақсатты орындарының бірін таңдаңыз.
3. Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Алдын ала қарау түймешігін түртіңіз. Өнім беттерді
сканерлейді.
KKWW Суретті алдын ала қарау мүмкіндігін пайдалану 139