HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
TIFF: Бұл — көптеген сызбалық бағдарламалар қолдайтын стандартты файл түрі. Бұл файл түрі бір
бетке бір файл шығарады.
MTIFF: MTIFF көп бетті TIFF дегенді білдіреді. Бұл файл түрі бірненше сканерленген бетті бір файлға
сақтайды.
XPS: XPS (XML Paper Specication) пішімі құжаттың бастапқы пішімдерін сақтап қалатын XAML файлын
жасайды және түс графикасы мен енгізілген қаріптерді қолдайды.
PDF/A: PDF/A — электрондық құжаттарды ұзақ мерзімге мұрағаттауға арналған PDF түрі. Құжаттағы
пішім ақпаратының барлығы тәуелсіз болады.
Сондай-ақ, бұұл өнім келесі OCR файл түрлерін қолдайды:
Мәтін (OCR): Мәтін (OCR) түпнұсқаны сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тануды (OCR) пайдалана
отырып мәтіндік файлды жасайды. Мәтіндік файлды кез келген мәтінді өңдеу бағдарламасында
ашуға болады. Түпнұсқаның пішімдеуі бұл опцияны пайдаланып сақталмайды.
Юникод мәтіні (OCR): Юникод мәтіні (OCR) — мәтінді үйлесімді көрсету және өзгерту үшін
пайдаланылатын салалық стандарт. Бұл файл түрі халықаралық ету және локализациялау үшін
пайдалы.
RTF (OCR): RTF (OCR) — түпнұсқаны сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тануды (OCR) пайдалана
отырып RTF файлын жасайды. RTF — мәтінді өңдеу бағдарламаларының көпшілігі арқылы ашуға
болатын баламалы мәтін пішімі. Бұл опцияны пайдаланғанда, түпнұсқаның біраз пішімдеуі
сақталады.
Ізделетін PDF (OCR): Іздеуге болатын PDF (OCR) — түпнұсқаны сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық
тануды (OCR) пайдалана отырып іздеуге болатын PDF файлын жасайды. Құжат осылайша
сканерленгенде, PDF файлында белгілі бір сөздерді немесе фразаларды іздеу үшін Adobe Acrobat®
Reader бағдарламасының іздеу құралдарын пайдалануға болады.
Ізделетін PDF/A (OCR): Іздеуге болатын PDF/A (OCR) — мазмұнды іздеуге мүмкіндік беретін құжат
құрылымы туралы ақпаратты қамтитын PDF/A файлының түрі.
HTML (OCR): HTML (OCR) бастапқы құжаттың мазмұнын қамтитын HTML файлын жасайды. HTML
файлдарды веб-беттерде көрсету үшін пайдаланылады.
CSV (OCR): CSV (OCR) — үтір бөлгіштері бар мәндерді қамтитын жалпы мәтіндік файл пішімі. Бұл файл
түрін мәтінді өңдеу, электрондық кесте немесе дерекқор бағдарламаларының көпшілігі арқылы
ашуға болады.
Сканерлеу үшін бетті автоматты түрде қию
Өнім сканерленген суретті өлшемі бастапқы құжатпен бірдей болатындай қиып ала алады немесе
бастапқы құжаттан анықталған мазмұн өлшеміне суретті қиып ала алады.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшеміне сәйкестендіру мақсатында суретті қиып алу үшін құжатты беру құралынан
сканерлеңіз немесе планшетті әйнектен сканерлеу кезінде сканер қақпағын ашық қалдырыңыз.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Қию опциялары түймешігін түртіңіз.
136 7-тарау Сканерлеу/жіберу KKWW