HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Сканерлеу үшін кеңейтілген кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану
Негізгі суретті өңдеу мүмкіндіктері қоса, бұл өнім бірнеше кеңейтілген суретті өңдеу мүмкіндіктерін қосатын
технологияны қамтиды.
Сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тану (OCR) файл түрлерін таңдау
Сканерлеу үшін бетті автоматты түрде қию
Сканерлеу үшін автоматты сурет бағдары
Сканерлеу үшін реңкті автоматты түрде реттеу
Сканерлеу үшін дұрыс берілмеуді автоматты түрде анықтау (HP EveryPage)
Бұл параметрлер келесі сканерлеу/жіберу мүмкіндіктері үшін қол жетімді:
Электрондық пошта
Желілік қалтаға сақтау
Құрылғы жадына сақтауейбір параметрлер бұл мүмкіндік үшін қол жетімді емес)
USB құрылғысына сақтау
SharePoint® құрылғысына сақтау (Сохранить на устройстве SharePoint®)
Сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тану (OCR) файл түрлерін таңдау
Бір құжатты сканерлегенде, нәтижеде шығатын файл үшін бірнеше құжат файлы түрлерінің бірін таңдауға
болады. Бірнеше стандартты файл түріне қоса, бұл өнім таңбаларды оптикалық тану (OCR) файл түрлері
үшін бірнеше параметрді қамтиды. OCR басып шығарылған мәтіннің сканерленген суреттерін компьютерде
іздеуге немесе өңдеуге болатын мәтінге түрлендіреді.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Құжат файл түрі түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Опциялар тізімінен құжат файл түрін таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Төмендегідей стандартты файл түрлерін пайдалануға болады:
PDF: Бұл файл түрі үздік жалпы кескін және мәтін сапасын қамтамасыз етеді. PDF файлдарын көру
үшін Adobe® Acrobat® Reader бағдарламалық құралы қажет.
JPEG: Бұл файл түрі — көптеген сызбалар үшін жақсы таңдау. Көптеген компьютерлерде .JPEG
файлдарын көруге болатын шолғыш болады. Бұл файл түрі бір бетке бір файл шығарады.
KKWW Сканерлеу үшін кеңейтілген кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 135