HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
6. Тазартылатын суреттің ұшы үшін өрісті түртіп, одан кейін тазарту үшін беттің ұшынан қашықтықты
енгізіңіз. Осы қадамды тазартылатын әрбір ұш үшін қайталаңыз.
7. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
8. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Сканерлеу үшін Тапсырма құру режимін қолдану
Тапсырмаларды құру мүмкіндігін түпнұсқа құжаттардың бірнеше жиынын бір сканерлеу тапсырмасына
біріктіру үшін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл мүмкіндікті құжат бергіш бір уақытта сыйдыра алатыннан
көбірек беттері бар түпнұсқа құжатты сканерлеу үшін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Тапсырмаларды құру түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Бастау түймешігін түртіңіз. Әрбір бет сканерленгеннен кейін немесе құжат беру құралы бос
болғанда, басқару тақтасы көбірек бет салуды ескертеді.
6. Егер тапсырмада қосымша беттер болса, келесі бетті салыңыз да, Сканерлеу түймешігін түртіңіз.
Өнім сканерленген суреттердің бәрін уақытша сақтайды. Тапсырманы аяқтау үшін, Аяқтау түймешігін
түртіңіз.
Сканерлеу үшін бос беттерді болдырмау
Өнімге бастапқы құжаттағы бос беттерді сканерленген суретке қоспауға нұсқау беруге болады. Бұл
мүмкіндік екі жақта да басып шығарылатын беттерді сканерлегенде пайдалы, сонда құжаттағы бос
беттерді жоюға болады. Әдепкіде, өнім сканерленген суреттердегі барлық беттерді қамтиды. Бос беттерді
болдырмау үшін төмендегі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Бос беттер тастап кету түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Қосулы опциясын таңдаңыз.
KKWW Сканерлеу үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 133