HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Ажыратымдылық түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Ажыратымдылық опцияларының бірін таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Сканерлеу түсін автоматты түрде анықтау
Өнім тіпті қара және сұр түс реңктерімен басып шығарса да, сканерленген суреттерді түсті етіп жасай
алады. Өнім сканерленген суреттер үшін қолданатын түс параметрлерін реттеу үшін Түсті/қара мүмкіндігін
қолданыңыз. Келесі опцияларды таңдауыңызға болады:
Автоматты анықтау Құрал беттердің түсті қамтитынын анықтайды және суреттерді алдын ала қарайды.
Беттерде түс болса, құрал түсті суретті жасайды. Беттерде түс болмаса, құрал ақ-қара
суретті не сұр реңктегі суретті жасайды. Ақ-қара және сұр реңкті суреттерде түсті
суреттерге қарағанда кішірек файл өлшемі болады.
Бұл әдепкі параметр болып табылады.
Түс Өнім әрқашан түсті сурет жасайды.
Ақ-қара/түсті Өнім әрқашан сұр көлеңкелерсіз тек ақ- қара және сұр реңкте жасайды.
Қара Өнім әрқашан сұр көлеңкелерсіз тек ақ- қара түсте жасайды.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік Құрылғы жадына сақтау опциясы үшін қол жетімді емес.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Түсті/қара түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Опциялар тізімінен тиісті түс параметрін таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Бастапқы құжаттардың өлшемін көрсету
Бастапқы құжаттың бет өлшемін көрсетуге болады. Өнім бет өлшеміне сәйкес сканерленген суретті
жасайды.
KKWW Сканерлеу үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 129