HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Опциялар тізімінен құжат файл түрін таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Төмендегідей стандартты файл түрлерін пайдалануға болады:
PDF: Бұл файл түрі үздік жалпы кескін және мәтін сапасын қамтамасыз етеді. PDF файлдарын көру
үшін Adobe® Acrobat® Reader бағдарламалық құралы қажет.
JPEG: Бұл файл түрі — көптеген сызбалар үшін жақсы таңдау. Көптеген компьютерлерде .JPEG
файлдарын көруге болатын шолғыш болады. Бұл файл түрі бір бетке бір файл шығарады.
TIFF: Бұл — көптеген сызбалық бағдарламалар қолдайтын стандартты файл түрі. Бұл файл түрі бір
бетке бір файл шығарады.
MTIFF: MTIFF көп бетті TIFF дегенді білдіреді. Бұл файл түрі бірненше сканерленген бетті бір файлға
сақтайды.
XPS: XPS (XML Paper Specication) пішімі құжаттың бастапқы пішімдерін сақтап қалатын XAML файлын
жасайды және түс графикасы мен енгізілген қаріптерді қолдайды.
PDF/A: PDF/A — электрондық құжаттарды ұзақ мерзімге мұрағаттауға арналған PDF түрі. Құжаттағы
пішім ақпаратының барлығы тәуелсіз болады.
Мәтін немесе суреттер үшін сканерленген суреттерді оңтайландыру
Сканерленетін сурет түріне арналған сканерлеуді оңтайландыру: мәтін, сызбалар немесе фотосуреттер.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Optimize Text/Picture (Мәтінді/суретті оңтайландыру) түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер түймешігін
қайтадан түртіңіз.
5. Алдын ала анықталған опциялардың бірін таңдаңыз немесе Қолмен реттеу түймешігін түртіңіз және
Optimize For (Оңтайландыру) аймағындағы жүгірткіні реттеңіз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Сканерленген суреттер үшін шығыс сапасын немеесе файл өлшемін таңдау
Сканерленген суреттердің шығыс сапасын көрсетуге болады, бұл алынған файлдың файл өлшеміне әсер
етеді.
KKWW Сканерлеу үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 127