HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Көшіру үшін кеңейтілген кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану
Өнімді пайдаланып сканерленген суреттерді бірнеше жолмен жақсартуға болады.
Көшірмелердің анықтығын реттеу
Кескінді айқынырақ немесе жұмсағырақ ету үшін Sharpness (Айқындық) параметрін реттеңіз. Мысалы,
айқындықты арттыру мәтіннің анық етіп көрсетуі мүмкін, бірақ оны төмендету фотосуреттерді жұқалау етіп
көрсетуі мүмкін.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
2. Суретті реттеу түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, экранның төменгі жағындағы
Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
3. Айқындықты төмендету үшін Sharpness (Айқындық) слайдерін солға қарай сырғытыңыз немесе
айқындықты арттыру үшін оны оң жаққа сырғытыңыз.
4. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
5. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Көшірмелер үшін жиектерді өшіру
Қара жиектер немесе степлер белгілері сияқты таңбаларды жою үшін сканерленген суреттің жиектерін
тазалау арқылы Ұштарды өшіру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
2. Ұштарды өшіру түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, экранның төменгі жағындағы
Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
3. Қажет болса, Дюймді пайдалану немесе Миллиметрді пайдалану құсбелгісін қойып, өлшем бірлігін
өзгертіңіз.
4. Тазартылатын суреттің ұшы үшін өрісті түртіп, одан кейін тазарту үшін беттің ұшынан қашықтықты
енгізіңіз. Осы қадамды тазартылатын әрбір ұш үшін қайталаңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
6. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау түймешігін түртіңіз.
Көшірмелер үшін реңкті автоматты түрде реттеу
Әр бет үшін жеке күңгірттік, контраст және фонды тазарту параметрлерін автоматты түрде реттеу үшін
құралды конфигурациялауға болады. Мысалы, түпнұсқа құжатта басқалардан ашығырақ кейбір беттер
болса, нәтижесіндегі сканерленген суретте барлық беттер үшін біркелкілеу күңгірттік параметрі болады.
98 6-тарау Көшіру KKWW