HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
Apple AirPrint функциясын пайдалану
Apple шығарған AirPrint функциясын арқылы тікелей басып шығаруға iOS амалдық жүйесінің 4.2 немесе
одан кейінгі нұсқаларында қолдау көрсетіледі. AirPrint функциясын iPad (iOS 4.2 немесе одан кейінгі),
iPhone (3GS немесе одан кейінгі) немесе сенсорлы iPod (үшінші буыны немесе одан кейінгі) құрылғысынан
келесі қолданбалардан өнімге сымсыз басып шығару үшін қолданыңыз:
Пошта
Фотосуреттер
Safari
iBooks
Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары
Өнімді AirPrint функциясына жалғаңыз
AirPrint функциясын қолдану үшін өнім Apple құрылғысы сияқты бірдей сымсыз желіге қосылған болуы
керек. AirPrint функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP өнімдері туралы қосымша
ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/airprint торабына барыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясы USB қосылымдарын қолдамайды.
Өнімнің AirPrint атауын табу
Егер желіге өнімнің бірнеше үлгілері қосылған болса, Apple құрылғысынан өнімді таңдау үшін, AirPrint өнім
атауын пайдаланыңыз.
AirPrint өнім атауын табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Желі түймешігін түртіңіз.
2. AirPrint өнім атауы экрандағы тізімде.
AirPrint функциясынан басып шығару
1. Apple құрылғысында басып шығарылатын құжатты ашып, Әрекет түймешігін түртіңіз.
2. Басып шығару опциясын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: iOS 5 немесе одан кейінгі нұсқасын пайдалансаңыз және фотосуреттерді басып
шығарсаңыз, бірнеше науаға қағаз салынса, қағаз өлшемін таңдау опциясы пайда болады.
3. Өнімді таңдаңыз.
4. Басып шығару түймешігін түртіңіз.
AirPrint өнім атауын өзгерту
1. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, компьютеріңіздегі қолдау көрсетілетін веб-шолғыштағы
мекенжай/URL өрісіне өнімнің IP мекенжайын немесе басты компьютер атауын енгізіңіз.
2. Желіге қосылу қойындысын басып, TCP/IP параметрлері опциясын, одан кейін Желі идентификаторы
опциясын таңдаңыз.
90 5-тарау Басып шығару KKWW