HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
HP ePrint бағдарламалық құралын пайдалану
HP ePrint бағдарламалық құралы кез келген HP ePrint қолдайтын өнімге жұмыс үстелінен немесе
ноутбуктен басып шығаруды оңай етеді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қолданбадан Басып
шығару опциясын ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint тармағын таңдаңыз. Бұл
бағдарламалық құрал ePrintCenter тіркелгісіне тіркелген HP ePrint қосылған өнімдерді табуды оңай етеді.
Мақсатты HP өнімі үстелде немесе қашықтағы орында болуы мүмкін, мысалы, филиал кеңсесі немесе
дүние жүзінде – Интернетті пайдалана отырып қашықтан басып шығара аласыз. Мақсатты өнім дүниенің
кез келген бөлігінде бола алады, егер ол интернетке қосылған және ePrintCenter есептік жазбасында
тіркелген болса, басып шығару тапсырмасын өнімге жібере аласыз.
Windows жүйесі үшін HP ePrint бағдарламалық құралы сонымен бірге қолдау көрсетілетін PostScript®
өнімдеріне желідегі (LAN немесе WAN) жергілікті желілік принтерлерге дәстүрлі тікелей IP басып шығаруды
қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін www.hp.com/go/eprintsoftware бетіне өтіңіз.
Қолдау көрсетілетін амалдық жүйелер
Windows® XP (32 биттік, SP 2 немесе жоғары)
ЕСКЕРТПЕ: Майкрософт Windows XP жүйесін негізгі қолдауды 2009 жылдың сәуірінде тоқтатты. HP
тоқтатылған XP амалдық жүйесін қолдау үшін күш салуды жалғастырады.
Windows Vista® (32 биттік және 64 биттік)
Windows 7 (32 биттік және 64 биттік)
Mac OS X 10.6 және 10.7 нұсқасы
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламалық құралы — Mac жүйесіне арналған PDF жұмыс үрдісінің
қызметтік бағдарламасы және техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес. Mac жүйесі үшін
HP ePrint бағдарламалық құралы басып шығару жолдарын тек ePrintcenter арқылы қолдайды және
жергілікті желілік принтерлерге тікелей IP басып шығаруды қолдамайды.
KKWW HP ePrint бағдарламалық құралын пайдалану 89