HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - User's Guide

Table Of Contents
HP ePrint қызметін пайдалану
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық поштаның тіркемесі ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы басып
шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint функциясын пайдалану үшін, өнімнің желіге қосылған болуы және Интернетке кіру
мүмкіндігі болуы керек.
1. HP ePrint қызметін пайдалану мүмкін болуы үшін, HP веб қызметтерін іске қосу керек.
а. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, IP мекенжайын веб-шолғыштың мекенжай жолағына
теріңіз.
ә. HP веб-қызметтері қойындысын басыңыз.
б. Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-қызметтерді қосу бірнеше минут алуы мүмкін.
2. Қауіпсіздік параметрлерін анықтау және осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint тапсырмаларының
әдепкі басып шығару параметрлерін реттеу үшін, HP ePrintCenter веб-торабын пайдаланыңыз.
а. www.hpeprintcenter.com торабына өтіңіз.
ә. Жүйеге кіру түймешігін басып, HP ePrintCenter есептік жазба мәліметтерін енгізіңіз немесе жаңа
есептік жазба жасаңыз.
б. Тізімнен өніміңізді таңдаңыз немесе + Принтерді қосу түймешігін басып оны қосыңыз. Өнімді қосу
үшін, принтер коды қажет болады, мұндағы код — өнімнің электрондық пошта
мекенжайындағы @ белгісіне дейінгі бөлігі.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл код HP веб қызметтерін қосқаннан кейін тек 24 сағаттың ішінде жарамды
болады. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, HP веб қызметтерін қайтадан қосу үшін,
нұсқауларды орындаңыз.
в. Принтерден керексіз құжаттар басылып шықпауы үшін, ePrint параметрлері түймешігін басып,
Рұқсат етілген жіберушілер қойындысын ашыңыз. Тек рұқсат етілген жіберушілер түймешігін
басып, ePrint басып шығару тапсырмаларын жіберуге болатын электронды пошта
мекенжайларын қосыңыз.
г. Осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint тапсырмалары үшін әдепкі параметрлерді орнату үшін,
ePrint Settings түймешігін басып, Басып шығару опциялары қосымша бетін ашып,
пайдаланылатын параметрлерді таңдаңыз.
3. Құжатты басып шығару үшін, оны өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберілетін
электрондық хабарға тіркеңіз.
88 5-тарау Басып шығару KKWW