HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - Guarantee and Legal Issues Guide
UPS жапсырмасын пайдалану үшін қорапты жеткізу немесе алып кету кезінде UPS (Бірыңғай
тасымалдау қызметі) мекемесіне беріңіз немесе өкілетті UPS қабылдау орталығына апарыңыз.
(Сұраныс бойынша UPS алып кету қызметінің құны əдеттегі алып кету бағасы бойынша
есептеледі.) Жергілікті UPS қабылдау орталығының мекенжайын білу үшін 1-800-PICKUPS
нөміріне қоңырау шалыңыз немесе
www.ups.com торабын қараңыз.
Егер FedEx жапсырмасы арқылы қайтаратын болсаңыз, онда қорапты АҚШ пошта қызметінің
тасымалдаушысына беріңіз немесе FedEx жүргізушісіне келесі жеткізу немесе алып кету кезінде
беріңіз. (Сұраныс бойынша FedEx алып кету қызметінің құны əдеттегі алып кету бағасы бойынша
есептеледі). Немесе қапталған баспа картридж(дер)ін кез келген АҚШ пошта қызметіне немесе
FedEx тасымалдау орталығына, не қоймасына
апарып тастауға болады. Ең жақын орналасқан
АҚШ пошта қызметінің мекенжайын 1-800-ASK-USPS телефоны арқылы немесе
www.usps.com
торабынан білуге болады. Ең жақын орналасқан FedEx тасымалдау орталығының/қоймасының
мекенжайын 1-800-GOFEDEX нөміріне қоңырау шалып немесе
www.fedex.com торабына кіріп
білуге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін немесе көп картридж қайтарғанда, қосымша жапсырмалар мен
қораптарға тапсырыс беру үшін,
www.hp.com/recycle веб-торабына кіріңіз немесе
1-800-340-2445 нөміріне қоңырау шалыңыз. Ақпарат ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Аляска мен Гавайи тұрғындары үшін:
UPS жапсырмасын пайдаланбаңыз. Ақпарат жəне нұсқаулар алу үшін 1-800-340-2445 нөміріне
қоңырау шалыңыз. АҚШ пошта қызметі Аляска мен Гавайи үшін НР компаниясымен жасалған
келісім бойынша қайтарылған картриджді тасымалдау қызметіне ақы алмайды.
А.Қ.Ш. тыс қайтарылымдар
HP Ғаламдық Серіктестер қайтару мен қайта жарату бағдарламасына қатысу үшін қайта жарату
нұсқаулығында берілген жеңіл нұсқауларын (жаңа өнімнің қамсыздандыру материалдары
жіберілген қорабының ішінен табуыңызға болады) орындаңыз немесе
www.hp.com/recycle
торабына барыңыз. HP LaserJet баспа қамсыздандыру материалдарын қалай қайтаруды
түсіндіретін ақпарат қажет болса, өзіңіздің ел/аймағыңызды таңдаңыз.
Қағаз
Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін
жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сəйкес болған жағдайда
қайта пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы құрылғы
қайта пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Материалдық шектеулер
Бұл HP бұйымының құрамында сынап қосындысы жоқ.
Бұл HP бұйымындағы батарея пайдалану мерзімі біткеннен кейін арнайы қатынасты қажет етуі
мүмкін. Осы бұйымға арналған немесе Hewlett-Packard компаниясы қамтамасыз ететін
батареялар төмендегілерді қамтиды:
HP LaserJet Enterprise flow MFP M525
Түрі Көміртегі монофторидті литий
Салмағы 0,8 г
KKWW Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы 21